Біз мектеп ұжымы болып, 2018 ж. 10 қаңтарда Елбасымыздың халқына жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция
жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауымен таныстық. Бұл жөнінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арналған Жолдауына қатысты өз пікірлерін білдірді.Елбасының жыл сайынғы Жолдауы
Қазақстанның әр азаматына қатысты.Соның ішінде бұл жыл мұғалімдер жылы болатыны бізді қатты қуантады. Өйткені,Президент өз Жолдауында ұстаздарға елеулі назар аударады.
Демек осыған орай педагогикалық мамадықтың мәртебесі артпақ деген ойдамыз.Жалпы
ұстаздар қауымы елбасының Жолдауын толық қолдайды және жүзеге асуына түгелдей
атсалысады.Өйткені, біз бәріміз бір кеменің ішіндегі жанбыз. Бізге, яғни
ұстаздар қауымына, жетінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту дегені
қатты ұнады. Осы Жолдаудың бөлімде білім саласының айтылған өзекті мәселелерін
шешу жолдары туралы .Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен бірге,
IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен
көшу мәселесі, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл
мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет.
Айта кетсек, өз Жолдауымен Президент әр адамға бір
күш-қуат жандарына еңгізді. Біздің басты күшіміз – бірлікте.
«Бестөбе негізгі
мектебі»ММ педагогикалық ұжымы
11.01.2018 жыл