"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Бестөбе кентінің негізгі орта мектебі" КММ азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетеді
Негізгі жалпы білім туралы аттестаттың телнұсқасы негізгі жалпы білім туралы аттестаттарды есепке алу және жазу кітабында, мақтау парақтарында тіркелінеді.
Жалпы орта білім туралы аттестаттың телнұсқасы берілген жалпы орта білім туралы аттестаттарды, алтын және күміс медальдарды есепке алу және жазу үшін кітапта тіркеледі.
Жалпы білім беру мекемесін бітірген уақытына қарамастан телнұсқаларды беру білім туралы құжаттарды есепке алу және жазу үшін кітаптар негізінде немесе мұрағаттық деректерге сәйкес жүргізіледі.
Телнұсқалар белгіленген үлгідегі бланкілерде беріледі, онда жоғарғы оң жақ бұрышта түпнұсқасының орнына Телнұсқа"көрсетіледі